русский язык
Басқа

Эльжана Таниева: Әлем чемпионатынан кейінгі жарты жыл оңай болған жоқ

Эльжана Таниева: Әлем чемпионатынан кейінгі жарты жыл оңай болған жоқ
news-banner7
mobile-news-top

Көркем гимнастикадан Париж Олимпиадасына жолдама алған Эльжана Таниева Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, лицензиялық Азия чемпионатын қорытындылады.

Спортшының айтуынша, олар соңғы іріктеу турниріне тынымсыз дайындалған.

«Азия чемпионаты аяқталып, көпткен күткен Олимпиада жолдамасына қол жеткізгенім үшін бақыттымын. Бапкерім Әлия Мақсұтқызымен бірге бұл жарысқа тынбай дайындалдық. Бағдарламаның бір жерін қиындатып, бір жерін ауыстырып, тұрақтылықты реттеуге күш салдық. Ұзақ сөйлестік. Бәрінің сәтті аяқталғанына, көпсайыстағы төрт бағдарламаны да қатесіз орындап шыққаныма қуаныштымын.

Көпсайыстан алтын алғаным да мерейімді өсіріп тастады, бұлай болады деп ойламап едім. Көптен күткен квотаға қол жеткізгенімізге әлі де сене алар емеспін. Әлем чемпионатынан кейінгі жарты жыл моральдық тұрғыда оңайға соқпады. Жолдама мәселесі шешілмеген соң, арқамда жүк тұрғандай болды. Енді, міне, бәрі ойдағыдай аяқталды.

Париж Олимпиадасына дейін жаттығуды қиындатарымыз анық. Қазір бәрін көргім келеді. Кешегі жеңістен соң, жазғы ойындарға қатысатын болған соң, одан әрі жігерлене түстім», - деді Эльжана Таниева.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;