русский язык
Әлем футболы

«Реал» 36-рет Ла Лига чемпионы атанып, рекорд орнатты

«Реал» 36-рет Ла Лига чемпионы атанып, рекорд орнатты
news-banner7
mobile-news-top

Мадридтік "Реал" футболдан ұлттық чемпионаттың аяқталуына төрт тур қалғанда рекордты 36-рет Ла Лига чемпионы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ деп хабарлайды.

36-турдың матчында "корольдік клуб" өз алаңында "Кадис" футбол клубын 3:0 есебімен ұтты. Есеп екінші таймда ғана ашылды. Чемпионат матчында Брахим Диас (51-минут), Джуд Беллингем (68), Хоселу (90+3) гол соғып, көзге түсті.

Параллельді матчта "Реалдың" басты қарсыласы – каталондық "Барселона" голдар сериясында "Жиронадан" 4:2 есебімен жеңіліп қалды. Осы жеңілістен кейін Хави Эрнандестің ойыншылары кестедегі екінші орыннан және чемпиондық жарыстағы барлық мүмкіндіктен айырылды.

"Реал Мадрид" 34-турда 87 ұпай жинаса, екінші орында келе жатақан "Жирона" 74 ұпайға ие болды. Осылайша Мадрид клубы Испания чемпионатының титулдарын алудан рекорд жасады, ал бәсекелесі "Барселонада" 27 Ла Лига кубогы бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;