Теннистен ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы плей-офф кезеңінде Оңтүстік Кореямен ойнайды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҰлыбритания астанасы Лондонда Билли Джин Кинг кубогы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпартқа сілтеме жасап.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, іріктеу кезеңіне өту үшін қазақстандықтар Астанада Оңтүстік Корея командасымен ойнайды.
Матч биылғы 15-16 немесе 17-18 қараша күндері өтеді.
Іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.
Биыл Қазақстан әйелдер құрамасы Токиода Жапонияға жол беріп, командалық әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өте алмаған еді.