Бублик — Медведев матчына бейнешолу
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық теннисші Александр Бублик Мадридте өтіп жатқан турнирдің ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің 1/8 финалында қазақстандық теннисші ресейлік Даниил Медведевтен 6:7, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Матч 1 сағат 43 минутқа созылды.
Мадридтегі «Мастерс» 24 сәуір мен 5 мамыр аралығында өтіп жатыр. Турнирдің қазіргі чемпионы - испаниялық теннисші Карлос Алькарас.