русский язык
Единоборства

Дзюдодан Астанадағы Grand Slam: Қазақстан намысын кімдер қорғайды

Дзюдодан Астанадағы Grand Slam: Қазақстан намысын кімдер қорғайды
news-banner7
mobile-news-top

10-12 мамыр күндері Астанада өтетін дзюдодан әлемдік Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнир өз елімізде өтетіндіктен, әр салмақта төрт балуаннан қатысуға рұқсат берілген.

Ерлер:

60 келі: Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов, Дәурен Сүйеукенов;

66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали, Есет Қуанов, Нұрсұлтан Зайзағалиев;

73 келі: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов, Бақытжан Әбдірахманов;

81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев, Жалғас Қайролла, Мәди Амангелді;

90 келі: Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков, Құдырет Досымов, Мұхамедәли Мавлидов;

100 келі: Нұрлыхан Шархан, Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев, Бекзат Шағатаев;

+100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев, Мәди Еділбаев, Ғалымжан Қырықбай.

Ал қыздар арасындағы бәсекеге Абиба Әбужақынова қатыспайды. Олимпиадалық рейтингте ұпайын түгендеп алған спортшы әлем чемпионатында өнер көрсетуді мақсат етіп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;