русский язык
Велоспорт

Қазақстандық велошабандоз Польшадағы Гран-придің шешуші кезеңінде жеңіске жетті

Қазақстандық велошабандоз Польшадағы Гран-придің шешуші кезеңінде жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Польшада велоспорттан өткен Orlen Nations Grand Prix көпкүндігінің 5-кезеңінде Ұлттық құрама спортшысы Илхан Достиев мәре сызығын бірінші болып кесті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Илхан Леско мен Арламув қонақ үйі арасындағы 148 шақырымды 3 сағат, 38:15 секундта жүріп өтті. Одан кейін Арно Валленборн (3:38:18) мен Емиел Верстринж (3:38:19) жетті.

21 жастағы отандасымыз жалпы есепте 7️-сатыда қалды.

Бұл халықаралық турнир 23 жасқа велошабандоздар үшін Ұлттар Кубогының бір бөлігі саналады. Жалпы 5 күнге созылған бәсекеде 22 елден 117 спортшы бақ сынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;