русский язык
Теннис

Александр Бублик жұптық сында Рим мастерс турнирін жеңіспен бастады

Александр Бублик жұптық сында Рим мастерс турнирін жеңіспен бастады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Александр Бублик жұптық сында Рим мастерс турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші америкалық Бен Шелтонмен бірге бастапқы кездесуін канадалық Феликс Оже-Альяссим – тағы бір АҚШ өкілі Фрэнсис Тиафомен өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық-америкалық жұп дес бермеді – 6:1. Екіншісінде канадалық-америкалық дуэт тай-брейкте есе қайырды – 7:6 (8:6).

Есесіне супер тай-брейкте Бублик – Шелтон жеңісті жұлып алды – 10:7. Сағат жарымға созылған бәсеке барысында олар 2 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жібермеді.

Александр Бублик – Бен Шелтонның 1/8 финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

А.Бублик жекелей сында екінші айналымда португалиялық Нуну Боржешпен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;