русский язык
Единоборства

"Бәрі Елдостың өз қолында": Бас хатшы Сметовтің Олимпиадаға бару мүмкіндігін бағалады

"Бәрі Елдостың өз қолында": Бас хатшы Сметовтің Олимпиадаға бару мүмкіндігін бағалады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Житкеев Олимпиадаға іріктеу кезеңіне қатысты өз пікірін бөлісті. Атап айтар болсақ, бас хатшы Елдос Сметовтің Париж ойындарына бару мүмкіндігін бағалады.

«Бұл өте қиын сұрақ. Елдос өте беделді спортшы. Сонымен қатар, бізде оның өкшесін басып келе жатқан жас балуандар да бар. Турнирден соң жиын жасап, содан соң, әлем чемпионатынан кейін жиналамыз. Бәрі әділетті болғанын қалаймыз. Иә, бұл тақырыпты бұған дейін де талқыладық. Рейтингте кім жоғары тұрса, сол спортшыны жібереміз деген шешім де болған. Егер ұпай айырмасы алшақ болмаса, Федерация, министрлік өкілдерімен бірлесе шешеміз.

Команда ішінде тағы жарыс өткізу ойымызда жоқ. Меніңше, мұндай жағдай команданың көңіл-күйіне қатты әсер етеді. Өйткені, бізде бәрі үнемі бірге жаттығады. Одан да, жауапкершілік бізде болсын. Команданы топқа бөлмейміз. Ортақ шешім қабылдаймыз. Ерлер арасында алты спортшымыз квотадан үмітті. Әйелдер арасында екі атлетіміз бар, тағы біреуін алуды жоспарлап отырмыз. Елдос әзірге рейтингте төменгі орында келеді. Алдағы турнирден соң көп нәрсе шешіледі. Қазір барлығы да оның өз қолында», - деді Житкеев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;