русский язык
Единоборства

Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam: Қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды

Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam: Қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды
news-banner7
mobile-news-top

10 мамыр күні елордада дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысы басталады. Жарыс қарсаңында жеребе тарту рәсімі өтіп, қазақстандық дзюдошылардың алғашқықарсыластары белгілі болды.

Әлемдік дода Астанадағы Жақсылық Үшкемпіроватындағы жекпе-жек сарайында 10-12 мамыраралығында өтеді. Жарысты тікелей эфирдеQazsport арнасы және Judotv.com онлайн-платформасы көрсетеді.

Жеребе нәтижесін осы сілтеме бойынша таба аласыздар.

Қазақстанға қош келдіңіздер! Әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қош келдіңіздер!

Сіздерді Қазақстанда қайта көргенімізге қуаныштымыз!

Олимпиада алдындағы маңызды жарысты бізге сеніп тапсырғандарыңыз үшін Халықаралық дзюдо федерациясына алғыс білдіреміз. Бізді қолдаған Мемлекет президентіне, Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт министрлігіне, Астана қаласы әкімдігіне алғыс білдіреміз.

Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысы сіздерге жақсы әсер қалдырады деп сенеміз! Астана татамиі сіздерді қабылдауға дайын.

Барлық спортшыларға сәттілік тілеймін!”, - деді Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев.

Айта кетерлігі, бұл жарыста барлығы 84 елдің 500-ге жуық спортшысы бақ сынайды.

Естеріңізге сала кетсек, бұл доданың нәтижесіндеIJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздарымен жүлдегерлері арасында Әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, 1 орын үшін 1000, 2 орын үшін – 700, ал 3 орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады.

«Qazaqstan barysy Grand Slam» турниріндедзюдошылар 2024 жылы Парижде өтетін ЖазғыОлимпиада ойындарына қатысу үшін ұпай жинайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;