русский язык
Грек-рим күресі

Лицензиялық турнир: Юсуф Мациев жолдамадан тыс қалды

Лицензиялық турнир: Юсуф Мациев жолдамадан тыс қалды
news-banner7
mobile-news-top

Түркияның Стамбул қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлемдік іріктеу турнирінде грек-рим күресінен 97 келі салмақта Юсуф Мациев жолдамадан тыс қалды.Отандасымыз лицензиялық турнирдің іріктеуінде германиялық балуан Лукас Лазогианистен ұтылып қалды.

Осылайша, грек-рим күресінен Ұлттық құрама 97 келіге дейінгі салмақта Париж Олимпиадасына жолдама ала алмады.

Сондай-ақ, бүгін 67 келідегі Дінмұхаммед Қошқар алғашқы белдесуінде Азия чемпионатының күміс жүлдегері Махмуд Бакшилловты (Өзбекстан) таза жеңді. Енді жерлесіміз 1/8 финалда 2018 жылғы Еуропа чемпионы Михай Михуцпен (Румыния) белдеседі.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;