русский язык
ММА

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі қай айға жоспарланғаны белгілі болды

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі қай айға жоспарланғаны белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров SPORT+ басылымына берген сұхбатында қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC аясындағы кезекті жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Жаттығу процесін Шавкат Рахмоновтың бастағанын көрдік. Ол жекпе-жекке қашан шығады және оның жалпы жоспары қандай?

– Иә, оқу-жаттығу процесі басталып та кетті. Күн сайын залда екі жаттығу өтеді. Меніңше, Шавкат жаздың соңына дейін оңтайлы формада болады. Біз жекпе-жекті қыркүйекте өткізгіміз келеді. Қазір күрес және дене шынықтырумен айналысып жатырмыз. Соққы техникасын да жетілдіреміз. Жаздың соңына қарай Шавкат кез келген қарсыласқа дайын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов осы күнге дейінгі соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында Лас-Вегаста өткізіп, екінші раундта америкалық Стивен Томпсонды қылқындыру арқылы жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;