Бауыржан Абдубаитов «Ордабасы» президенті қызметінен кетті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБауыржан Абдубаитов «Ордабасы» футбол клубының президенті қызметінен кетті, деп жазады Prosports.kz.
Шымкенттік клуб маманның денсаулығына байланысты қызметінен кеткенін хабарлады.
Бауыржан Абдубаитов «Ордабасы» президенті болып 2022 жылғы ақпанда тағайындалған болатын. Оның жетекшілігімен шымкенттік команда Премьер-лиганың чемпионы және Қазақстан кубогының иегері атанды.